Жер мәселесі шешілуі тиіс

Аудан орталығында ауыл шаруашылық мақсатына берілген жерлерді пайдаланылмаған және ҚР-ның заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жерді алып қою мәселелері бойынша шаруагерлердің қатысуымен жиналыс өтті.

Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Гүлзия Құрманова:

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, игерілмей жатқан ауыл шаруашылық жерлерін мемлекетке қайтару мәселесі. Оның себебі, кәсіп ашып, шаруашылығын дамытуға жер ала алмай отырған шаруа қожалықтарына сол жерлерді беру немесе елді мекендердегі малдардың емін еркін жайылуына жер учаскесінің болуы, сол үшін қажет. Республика бойынша игерілмей отырған 5 млн. гк. жер қайтарылуы керек деген тапсырманың шеңберінде қазір жұмыс жүргізілуде. Соның ішінде Исатай ауданынан 13 жер учаскесі анықталып отыр. Облыс бойынша «Қолдау» бағдарламасымен 124 мың гк. жер шығарылып отыр. Оның ішінде шаруашылығын дөңгелетіп отырған шаруагерлер бар. Бұл шаруа қожалықтарының мал басының тіркелмегендігінен туындап отыр.

Сондықтан, бірінші мал басын тіркету керек. Егер тіркетпеген жағдайда, игерілмеген жерді пайдаланушы болады. Ол камитеттің бұйрығымен прокуратураға тіркеледі, содан кейін біз тексеру ашамыз және бір жылға шектеу қоямыз. Ол мезгілде жер салығы 20 есеге көбейеді. Бір жылдан кейін сот арқылы жерді алуға мәжбүр боламыз. Мұндай жағдайға жеткізбеу үшін біз сіздерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуге келіп отырмыз. Жерді игеріп отырған шаруагерлер міндетті түрде мал басын тіркеу керек. Ал, мүмкіндік болмаса игере алмаған жерді кері тапсырыңыздар, - деді.

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали:

- Облыстың жер көлемі 11млн. 863118 гк. Соның 1 млн. жарымнан астам жері Исатай ауданына тиесілі. Соңғы үш жылдың статистикасында ауыл шаруашылық мақсатында 800 мыңға жуық жер учаскесі берілген. Оның Исатай ауданына 43 мыңға жуық гк жер ауыл шаруашылық мақсатына берілген. Ол жерлерді екі топқа бөлеміз. Тиімді пайдаланбау және игерілмеу. Тиімді пайдаланбау деген шаруашылыққа берілген жердің 20%-ын игермеу. Оны тіркелген мал санымен анықтайды. Ал, игерілмеу деген мүлдем қозғалыстың болмауы.

Жалпы, Исатай ауданы құмды жер. Барханды, бұдырлы құмның көпшілігі осы ауданға тиесілі. Осы уақытқа дейін Біз бұған дейін Атырау облысы жер көлемінің шамамен 80-90%-ын жайылымды жерлер қатарына жатқызып келдік. Нақты айтқанда 8 млн. 800 гк жер жайылымды жер. Бұрын 9 млн. 9600 гк болатын. Соның 5 млн. 160 мыңға жуығы қолайсыз және жарамсыз жерлер. Олар сорлы, тұзды, су басу қаупі бар жерлер. Су басу қаупі бар жерлерге Исатай ауданының теңіз жағасына жақын аздаған жерлері кіреді. Ал, барханды және бұдырлы құмдар қолайсыз. Соған байланысты бізде жайылымды жерлер тапшы. Орта есеппен алғанда облыс бойынша 11 млн. 860 мың гк-дың 3 млн. 57 мың гк жері шаруа қожалықтарында. Оның ішінде 138834 гк жер Исатай ауданына тиесілі. Оның шабындық жерлері малды азықпен қамтамасыз ету үшін емес, нағыз бизнеске айналып бара жатыр. Атырау облысының геоботаникалық зерттеулері 1992 жылдары жүргізілген. Ал жер кодекстері талаптарына сәйкес, ол әр он жыл сайын жүргізілуі керек. Атырау облысында кейбір шөптердің түрлері түбегейлі жойылып кеткен. Оны да зерттеп жатқан адам жоқ. Болашақта зерттеу жұмыстары басталса шабындық жерлердің саны күрт төмендеуі мүмкін. Біздің жер шөлейт және жартылай шөлейтке жатады. Сол себепті, өсімдіктің шығуы да аз. Сондықтан біздің мақсат шабындық жерді мемлекетке ұсынып, белгілі бір мақсатқа уақытша пайдалану мүмкіндігін қарастыру, деді.

Бұған қоса, аудан әкімінің орынбасары  Наурызбек Құмаров:

- Жасыл дәліз бағдарламасын пайдаланып, малды айыппұлсыз, ешқандай шарасыз тіркетіп алуға асығыңыздар, - деді.

 Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT