Жер шетелдіктерге сатыла ма? Министр не дейді?

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шетелдіктерге жер сатылып жатыр деген әңгімеге нүкте қойды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

«Менің айтатыным, шетелдіктерге жер сатылмайды, уақытша пайдалануға да берілмейді. Бүгінгі күні де сатылып жатқан жоқ, болашақта да сатылмайды» деп сендірді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Маусым айының басында әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанның үш ауданында жер сатылды деген ақпарат тараған еді. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл қауесеттің жалған екенін мәлімдеп, Үржар, Күршім және Жарма аудандарында бір метр жер де Қытай азаматтарының иелігінде емес екенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 мамырда Қостанай облысына сапары барысында жердің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеген болатын.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!» деген еді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2016 жылдан бері жерді шетелдіктерге және шетелдік үлесі бар заңды тұлғаларға сатуға мораторий жарияланған еді.

Сурет ашық дереккөзден алынды

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521