Жинақ үздіксіз инвестицияланады

Кейде мен әлеуметтік желілерде әр түрлі адамдардың БЖЗҚ-дағы ақшаның «құр жатқанын»  және оның ешқайда инвестицияланбайтыны туралы жазатынын көремін, бұл ақпарат дұрыс па? Ал сіздердің қазіргі табыстарыңыз қандай?

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары үздіксіз инвестицияланады және салымшыға жұмыс істейді. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейін БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 753,3 млрд теңге сомасындағы таза инвестициялық кіріс қосылды. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 210 млрд теңгеге немесе 39% -ға көп. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы  зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 6,1% құрады, ал инфляция 4,6% болды. Осы ретте соңғы 12 айдағы табыстылық 12,1% жетсе,  инфляция 7,9% көрсетті.

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының мөлшері зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық кіріске бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер (депозиттер және басқа операциялар), қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі кірістер, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т.б. жатады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы толық ақпарат сондай-ақ, 2021 жылдың 1 шілдесіне дейінгі инвестициялық қызметке шолу, enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер - инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.

Жалпы, БЖЗҚ -дағы барлық зейнетақы активтері шоғырландырылғаннан бері Ұлттық банк ұсынған инвестициялық кіріс 5,4 триллион теңгеден асты. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі 36,3% құрады.

Ұлттық Банктен басқа, БЖЗҚ салымшыларына өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға (ИПБ) аударуға болатынын ескертеміз. Қазіргі уақытта БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы келісім жасасты. Сіз олар туралы ақпаратпен таныса аласыз және олардың инвестициялық декларациясын enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі» бөлімінен зерттей аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, Қордан зейнетақы активтерін алғаннан кейін, ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылдың 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыру ережесінде және ИПБ Инвестициялық декларациясында көрсетілген  қаржы құралдарына инвестициялайды.

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банк салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенше басқаратын кезеңде инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік беріледі. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру кезінде зейнетақы активтері бойынша кірістіліктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның кепілдемесімен ауыстырылады. Табыстылықтың төменгі деңгейі нарықта жұмыс істейтін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған табыстылығы негізінде есептеледі.

Рахметова Тлекші Хуатқызы,

 «БЖЗҚ» АҚ Аққыстау елді мекеніндегі операциялық бөлімінің жетекші маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT