ЕРЕЖЕ
- «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы көрнекті ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылар арасында облыстық әдеби байқау (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
- Байқаудың мақсаты:
– Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа қаламгердің әдеби мұрасын таныстыру;
– Өңіріміздегі дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін таныту, оларға қолдау көрсету;
– Кітап оқу мәдениетін насихаттау және әдебиет арқылы адамгершілік, рухани құндылықтарды дәріптеу.
- Тақырыптық ұсыныстар:
- «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қарапайым еңбек адамының болмысын ашу және еңбек құндылықтарын дәріптеу;
- Жас ұрпақты білім мен ғылымға ұмтылуға, ана тілін, ел тарихын қадірлеуге үндеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
- Байқау «Поэзия», «Проза» номинациялары бойынша өтеді.
- Байқауға 18-ден 45 жасқа дейінгі қаламгерлер қатысуға құқылы.
- Бір автор тек бір номинацияға қатыса алады.
- Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады.
- Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.
- Байқауға бұрын жарияланған шығарма қабылданбайды.
- Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
- Байқауға қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен емле заңдылығы сақталмаған шығармалар қатыстырылмайды.
- Автор байқауға қатысу үшін өз жұмысын жібере отырып:
- осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді;
- ұйымдастырушының туындыларды (толық немесе ішінара) БАҚ-та, жинақтарда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
- ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
- Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 25, «Поэзия» номинациясына 15 беттен аспайтын жұмыстар қабылданады.
- Жүлде қоры:
«Проза» аталымы
Бірінші орын (1 орын) – 150 000 теңге;
Екінші орын (1 орын) – 100 000 теңге;
Үшінші орын (1 орын) – 50 000теңге;
«Поэзия» аталымы
Бірінші орын (1 орын) – 150 000 теңге;
Екінші орын (1 орын) – 100 000 теңге;
Үшінші орын (1 орын) – 50 000 теңге.
- Байқау жұмыстары А4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек.
- Байқауға ұсынылатын шығармалар
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық мекенжайына жолданады.
- Материалдың электрондық нұсқасы бүркеншік атпен бөлек файлға салынып (автордың дерегінсіз) жіберілуі тиіс;
- Автор туралы мәлімет пен байланыс деректері (А.Ә.Т, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады.
- Шығармалар 2025 жылы 17 маусымнан 16 тамызға дейін қабылданады.
- Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында 2025 жылдың 31 тамызына дейін өткізіледі (уақыты қосымша хабарланады).