Жұмыспен қамту – Жолдаудағы басты басымдық

Сурет ғаламтордан

 

Президентіміздің биылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар айқындалды. Соның ішінде жұмыспен қамту мәселесіне ерекше басымдық берілуі – уақыт талабынан туындаған игі бастама. Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек нарығын жандандыру, жастарды тұрақты әрі сапалы жұмыспен қамту – алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Ауданымызда да осы бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Әсіресе, еңбекке қабілетті жастардың кәсіптік білім алуына жағдай жасалып, қысқа мерзімді курстар арқылы жаңа мамандықтарды игеруіне мүмкіндік берілуде. Бұл – олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жол ашады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы арқылы азаматтарды тұрақты қызметке орналастыру, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету шаралары да нәтижесін беруде.

Биылғы жылдың өзінде орталығымыздың бағыттауымен бірнеше азамат тұрақты жұмысқа орналасып, отбасылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Жаңа кәсіп иелерін даярлау мақсатында оқу курстарын тәмамдағандардың басым бөлігі қазір еңбекке араласып жүр. Мұндай тәжірибе жастардың да, ересектердің де өзіне деген сенімін арттырып, кәсіби өсуіне жол ашуда.

Жолдауда айтылған бастамалар толық жүзеге асқан жағдайда, елімізде жұмыссыздық деңгейі төмендеп қана қоймай, еңбек нарығы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі деп сенеміз. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмысын жақсартып, әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

 

Бакытгул Сапаргожиева,

Аудандық Мансап орталығы филиалының директоры:

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT