Жұмысшы – елдің ерен күші

 

Қоғамның тынысы тоқтамай, тіршіліктің өзегі үзілмей тұрса – ол алдымен жұмысшы мамандардың еңбегімен. Олар – жол салып, үй тұрғызып, жарықпен, жылумен қамтамасыз етіп жүрген жандар. Бір сөзбен айтқанда, күнделікті өміріміздің көзге көрінбейтін, бірақ аса қажет тіректерінің бірі.

Мен, Махамбет ауданының қарапайым тұрғыны ретінде, осы салада тер төгіп жүрген барша жұмысшы мамандарға алғыс айтқым келеді. Сіздердің маңдай термен атқарған істеріңіз – ауыл-аймақтың өсіп-өркендеуіне қосқан баға жетпес үлес.

Бүгінгі таңда жастардың техникалық, жұмысшы мамандықтарға бет бұруы – қуанышты үрдіс. Себебі нақты іске бейімделген, қолынан іс келетін адам ешқашан далада қалмайды. Еңбек еткеннің қолы босаған емес.

Сондықтан да жұмысшы мамандығын таңдаған жандарға құрметіміз ерекше болуға тиіс. 

 

Ж.Утежанов,

Аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT