Жұмысшы – елдің көрінбейтін қаһарманы

сурет ғаламтордан

 

Ауданымыздың көркеюі мен тұрақты дамуы – қарапайым еңбек адамдарының маңдай тері мен табандылығының нәтижесі. Таңмен таласа тұрып, өз ісіне адалдықпен кірісетін жолшылар, құрылысшылар, механизаторлар мен дәнекерлеушілер – бәрі де туған жердің гүлденуі үшін аянбай еңбек етуде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еңбек адамын құрметтеу – ел дамуының басты белгісі» деген еді. Бұл сөздер еңбекпен өрілген бүгінгі өмірмен толық үндеседі.

Адал еңбек – тек кәсіби борыш емес, ол туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Сондықтан ауданымыздағы әрбір жұмысшының үлесі – болашаққа бағытталған үлкен инвестиция.

 

С.Халенов,

ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT