Жұмысшы маман – еңбегімен елді көркейтетін тұлға

 

Жұмысшы маман – ел дамуының тірегі, аудан экономикасының қозғаушы күші. Күнделікті еңбегімен халықтың тұрмысын жақсартып, ауыл келбетін көркейтіп жүрген осындай мамандардың еңбегі қашанда құрметке лайық.

Солардың бірі – ауданымыздағы құрылысшы мамандар. Құрылысшы – жаңа ғимараттар мен инфрақұрылым нысандарын өмірге әкелетін абыройлы кәсіп иесі.

Бүгінде аудан көлемінде жүзеге асып жатқан мектеп, тұрғын үй, спорт және мәдениет нысандары – осы құрылысшылардың маңдай тері мен шеберлігінің жемісі.

Қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін бұл мамандық – табандылықты, тиянақтылықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әрбір дұрыс қаланған кірпіш – ертеңгі ұрпақтың игілігі үшін жасалған ізгі іс.

Осындай еңбек адамдары – ауданымыздың нағыз мақтанышы. Олардың еңбегін бағалау, жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу – қоғамның басты міндеттерінің бірі.

 

 

 

Г.СӘДУАҚАС,

Белсенді жас,

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT