Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамына құрмет

 

2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануы – қоғамдағы қарапайым еңбек иелерінің мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам. 

Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының ел дамуына қосатын үлесін айқындап, біз секілді жастарды кәсіптік білім алуға ынталандырады.

Еңбек – елдің тірегі, ал оны алға сүйрейтін жұмысшы қауымына көрсетілген мұндай құрмет – болашаққа жасалған қадам деп түсінемін.

Дәнекерлеуші, слесарь, электрик сынды мамандықтар нағыз ер азаматқа лайық мамандықтардың бірі деп ойлаймын. 

Менің арманым - болашақта өз ісінің шебері, білікті маман болу.

 

Жасұлан Атабаев, 11-сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT