Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбекті қадірлеу жылы

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл бастама еліміздегі еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға, жастарды нақты мамандық иесі болуға ынталандыруға бағытталған.

Қазіргі таңда экономика мен өндіріс саласында кәсіби жұмысшыларға сұраныс жоғары. Елдің дамуы – қолымен, еңбегімен істейтін жандардың еңбегіне тікелей байланысты. Электрик, дәнекерлеуші, құрылысшы, механизатор, аспаз, технолог сияқты мамандық иелері – қоғамның тірегі.

Жұмысшы мамандықтарға жағдай жасау – елдің болашағына салынған инвестиция. Бүгінде колледждерде дуалды білім беру жүйесі енгізіліп, студенттер теориямен қатар өндірісте тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алуда. Бұл – олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.

Президент бастамасы аясында өндіріс орындарын жаңғырту, кадр даярлау орталықтарын ашу, жастардың еңбекке қызығушылығын арттыру шаралары қолға алынып жатыр. Еңбек адамын дәріптеу – қоғамдағы әділеттіліктің, жауапкершіліктің және тұрақтылықтың кепілі.

 

Бралиева Гүлдана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT