Жұмысшы мамандықтар жылы: Махамбет ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

 

Елімізде еңбек нарығын тұрақтандыру, халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылу­да. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың бірі – азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін жәрмеңкелер өткізу. Осы мақсатта ауданда да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Махамбет аудандық Мансап орталығы филиалының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге өңірдегі бірқатар меке­мелер мен ұйымдар қатысып, тұрғындарға қолжетімді вакансияларын ұсынды. Атап айтқанда, «COCRealty» ЖШС, «Кәсіби Таңдау» ЖШС, «MM-Security» ЖШС, «АйданаАгро» ЖШС, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімі, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі өз салалары бойынша бос жұмыс орындарын таныстырды.

Жәрмеңкеге келген 40-қа жуық жұмыссыз азамат жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, талаптарымен танысып, өз түйіндемелерін тап­сырды. Мұндай ашық форматтағы кездесулер еңбек іздеушілерге өз мүмкіндіктерін бағалап, кәсіби бағыт-бағдар алуға үлкен мүмкіндік береді.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды анықтау, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және өңірдегі жұмыссыздық деңгейін азайту — аталған жәрмеңкенің басты мақсаты. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қоса бермек.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT