Жұмысшы мамандықтары – ел дамуының негізі

фото: https://syrboyi.kz

 

Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жыл елімізде Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Бұл еңбек адамын қолдау мен өндірістік кадрларды даярлауға баса назар аударудың айқын белгісі.

Ауданымызда да бұл бастаманы қолдау мақсатында нақты бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Білім беру мекемелерінде жұмысшы мамандықтарын оқыту бағыттары кеңейіп, жергілікті өндіріс орындарымен әріптестік байланыстар орнауда. Жастар арасында техникалық және кәсіптік білімге деген қызығушылық артып келеді.

Қоғамның дамуы үшін еңбек адамының орны да ерекше.

Айта кетейік, жұмысшы мамандығын игеру – кәсіби жолдың басы ғана емес, тұрақты табыс пен елге қызмет етудің бір жолы. Сондықтан бұл бастаманы қолдау – баршамыздың ортақ міндетіміз деп білемін.

 

Айнур Текеева,

Мақат мұнай-газ технологиялық колледжінің аға шебері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT