Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысында Республикалық жастар слеті басталды

 

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 3-курс студенті Аяла Байболат та бар. Ол мемлекеттен білім гранты негізінде оқиды және оның колледжі интернационалдандыру жобасына алғашқылардың бірі болып енген.

 

«Президентіміз Жұмысшы мамандықтары жылын жариялаған сәтте біздің еңбегіміздің маңыздылығы мен қажеттілігі айқындалды. Бүгінгі таңда колледждер – саналы әрі болашағы зор таңдау. Бізде заманауи шеберханалар, халықаралық тағылымдамалар ашылып жатыр, ең бастысы – нақты мүмкіндіктер бар. Осындай сенім артқандарыңызға алғыс айтамын», — деді студент.

 

Слет 24 шілдеге дейін жалғасады. Үш күн бойы жастар мотивациялық кездесулерге, шеберлік сабақтарына, интерактивті білім беру блоктарына, командалық тапсырмалар мен мәдени-спорттық бағдарламаларға қатысады. 

 

Айта кетейік, елімізде 772 колледж бар, онда 550 мыңнан астам студент білім алуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT