Жоғалып кеткен 5 жасар бүлдіршін іздестірілуде

Үш тәулік бойы полицейлер, еріктілермен қоса мыңдаған қостанайлықтар Жамбыл ауылының маңын аралап, жоғалып кеткен 5 жасар Мадина Ерланқызын іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамыздың 7-сі күні таңертең Жамбыл ауылында бес жасар қыздың үйінен қашып кеткені туралы хабар бүкіл өңірді дүр сілкіндірді. Полицейлер баланың анасы департаментке арыз жазып, жүгінгенін айтты.

Бала 18 және 13 жастағы әпкелерімен бірге үйде болған. 5 жасар баланың үйден қалай шыққаны байқалмаған. Полиция келтірген оқиғалар хронологиясына сәйкес, қыз таңертең жетіде үйден шыққан. Ас үйдің екінші қабатының терезесінен шығып, газ құбырының көмегімен күнқағарға түсіп, сол жерден ағашқа секірген.

Аулада шыққан шуға пәтердегі көршісі шығып, баланың ағаштан түсуіне көмектескен. Қызды үйге алып келіп, есікті қағып тұрғанда, қыз ойын алаңына қарай қаша жөнелген.

Бір сағаттан кейін бала бейнебақылау камерасына түскен. Мессенджерлер арқылы таратылған видеода бала ойын алаңынан қашып кеткені көрінеді.

Мадинаны Қостанай-Веденка бағытындағы тас жолдан көргендер бар. Сол күні қызды таңертең ауылға қарай келе жатқан тракторшы мен велосипедші де байқаған.

Бастапқыда Жамбыл ауылында іздеу жұмыстары жүргізіліп, жақын маңдағы аумақтар қаралды. Сол күні кешке, 7 тамызда, мүмкіндігінше көп адам жұмылдырып, іздеу аймағы кеңейтілді.

8 тамызда қызды іздеуге 500-ден астам полиция қызметкері, өңірдің барлық іздестіру-құтқару жасақтарының еріктілері, жергілікті билік өкілдері мен ауыл тұрғындары қосылды. Іздеу жұмыстарына тікұшақ, жүгері жинайтын комбайн, дрондар мен тыңшы иттер де жұмылдырылған.

Жанашыр жандардың барлығы сәбиді табуға көмектескісі келді. Жалғыз жүргеніне бір күннен асқан Мәдинаның қай жерде екені әлі белгісіз.




ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521