Жол ақысын төлем картасымен қабылдау басталады

Қала халқының сұранысы бойынша қоғамдық көліктерде картамен төлем жасау қыркүйектің 1-нен 15-іне шегерілді, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қыркүйектің 15-іне дейін жеңілдік алуға құқылы азаматтар, яғни зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, студенттер мен оқушылар арнайы төлем картасын вокзал ықшам ауданы және Владимирский көшесінің бойында орналасқан жылы аялдамалардан ала алады. Жалпы, «СмартҚала» жол жүру карталары «RK-tel» ұялы телефон дүкендері желісі мен маршрут диспетчерлері, жылы аялдамалар және автобус жолсеріктерінде сатылатынын қаперге береміз!

«Смарт-Атырау» КММ басшысы Әділбек Таңкиевтің айтуынша, соңғы 5 күннің ішінде 30 мыңға жуық төлем картасы сатылған.

- Бүгінде төлем картасының саудасы қызып тұр. Қазіргі таңда сату нүктелеріне тағы да 30 мыңнан астам карточкалар әкелінді. Жалпы, жолақысын төлем карточкамен қабылдау қыркүйектің 15-інен басталатынын хабарлаймыз! Себебі, жаз маусымында өзге қалалардан келетін студенттер мен оқушылар 1 қыркүйекте төлем карточкасын жасатып үлгермейді. Халықтың осы сұранысын ескере отырып, 15 күнге шегердік, - деді ол.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT