Жол-көлік оқиғалары көбейіп тұр

Автокөлік тарихының басталғанына бірнеше ғасыр болғанына қарамастан автокөлік индустриясының даму қарқыны жыл сайын өсуде. Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды.

Дегенмен, көлік түрлері мен санының артуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалуда. Ал, көлік қылмыстары ішінен алдыңғы қатарды жол-көлік оқиғалары құрайды. Бұл жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді. Бұл ретте «Автокөлік өлімінің» әлем бойынша қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларынан кейін үшінші орынға шығуы таңғаларлық жағдай емес. Біріккен Ұлттар ұйымының баяндамасы бойынша жыл сайын 1,3 миллион адам жол-көлік апатынан қайтыс болса, күніне үш мың адам көз жұмады, ал 20 миллион адам жол апатынан жараланады. Дамыған елдерде соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының құрбандарының көрсеткіші орта есеппен 10 пайызға артты. Сондай-ақ автокөлік қозғалысындағы адам өлімі көрсеткіші өзен-теңіз көлігінен - 12 есе, темір жол көлігінен - 3 есе, әуе көлігінен - 1,5 есе жоғары екендігін де баса айтқан жөн.

Біздің аудан да ірі магистральдық жол жиегінде орналасқандықтан жиі түрде автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін аумаққа жататынымыз жасырын емес. Мәселен, аудан көлемінде орын алған жол-көлік оқиғасына жүргізілген талдауға сай, ағымдағы жылдың 8 айында 3 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, жол-көлік оқиға салдарынан 2 адам қаза тауып, 7 адам әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық және облыстық ауруханаларға жатқызылды. Аталған жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтамағандықтан орын алып отырғаны шындық. Осыған байланысты аудандық полиция бөлімі аудан көлемінде қазіргі кезде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлайды. Аталған шара аясында автокөлік жүргізушілерді сақтықпен көлік құралын жүргізуге, білмеген, түсінбеген сауал, пікір, ұсыныстар болса аудандық полиция бөліміне хабарласуға болатынын хабарлаймыз. 

Ғалымбек Науанов,

аудандық полиция бөлімінің аға қызмет инспекторы, полиция лейтенанты

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика