23 қарашадан бастап жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Енді елді мекен ішінде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 км-ден аспауы тиіс,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Арнаулы жол белгілері орнатылған учаскелерде бұрынғыдай 80–90 км/сағ жылдамдық сақталады. Қолайсыз ауа райы кезінде (боран, тұман, көктайғақ, қатты жауын-шашын) жүргізушілерге басып озуға, жолақ ауыстыруға және тоқтауға тыйым салынады.
Егер колоннадағы көлік саны оннан асса, оларға екі патрульдік полиция автокөлігі міндетті түрде еріп жүреді. Сондай-ақ шағын автобустарға қоғамдық көлік аялдамаларында жолаушыларды отырғызуға және түсіруге рұқсат берілді.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жыл басынан бері облыста 1534 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 2199 адам дене жарақатын алған.

