«Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Исатай аудандық полиция бөлімі 16-17 тамыз күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізеді.

Шара халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылмақ.

Акция аясында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция және жол-техникалық инспекция бөлімшесі өкілдері арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды. Кездесу барысында азаматтарға ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алуда кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіріледі. Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңес беріледі.

«Жолда қабылдау» акциясының өтетін орны: Аққыстау ауылындағы орталық базар және Мұнайшы көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласы.

Аталған шара сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.

Жәнібек Үмбетқалиев,

АПБ жол техникалық инспекциясының мемлекеттік инспекторы, полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521