Жолдағы қызмет те жолға қойылады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазталов, Бөкейорда және Жәнібек аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын, ұзындығы 280 шақырым, республикалық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Анықтама үшін:

- а/ж «Чапаев–Қазталов–РФ-мен шекара: 157-192 шақырым (35 км);

- а/ж «Қазталов–Жәнібек–РФ-мен шекара: 0-1, 4-138, 158-165 (142 км);

- а/ж «Бисен – Өнеге – Сайхин» 0-103 (103 км).

Күрделі жөндеуді қаржыландырудың республикалық бюджеттен жүзеге асырылуы қарастырылған. Күрделі жөндеу нысандарында айналма жол салу жұмыстары белсенді жүргізілуде, магистральда жер жұмыстары жүргізіліп, су өткізгіштерді (құбырларды) жөндеу жұмыстары басталды. Вахталық қалашық пен бетонқоспалауыш қондырғыны (БҚҚ) толық жұмылдыру, жол-құрылыс материалдарын (ЖҚМ) дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Биылғы жылы нысандардың аяқталуын тездету үшін жөндеу базасын (ЖБ) нақтылауға қосымша қаражат бөлінді. Толық жөндеуді аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Ақылылық

Инвестициялық байқаудың қорытындылары бойынша 2019 жылдың желтоқсанында: «Computer Vision Technologies» ЖШС (Қазақстан), «Теміржол Жөндеу» ЖШС (Қазақстан), FEЕTC Ltd (Тайвань) құрамындағы Консорциуммен 11 мың шақырымда жол ақысын жинау жүйесін қондыру және қызмет көрсету туралы Келісімге қол қойылды.

Келісім аясында ағымдағы жылы, кейіннен сынақтық іске қосылуы көзделген, қайта қалпына келтірілген ұзындығы 5,8 мың км учаскелерде ақы жинау жүйесі орнатылуда.

2020 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұловтың қатысуымен жобаның кредиторларымен тікелей келісімге қол қойылды. Тікелей келісім – республикадағы концессиялық жобаларды іске асыру аясында қол қойылған алғашқы құжат.

Тікелей келісімге қол қою Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғандығын айқын айғақтайды, өйткені ол Консорциумға да, қаржыландырушы банктерге де, салынған қаражаттың бекемдігі мен қатаң қорғалуына кепілдік береді.

Осылайша, алғаш рет енгізілген Тікелей келісім институты мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Қазіргі уақытта жолдың құрылысы толық көлемде қарқын алған. 1 мыңға жуық адам жұмыс орнымен қамтылған, оның 80%-ы жергілікті халық. Негізгі құрылыс материалдарын жергілікті өндірушілер жеткізеді.

Жол құрылысы шарықтау шегіне жеткенде, шамамен 3 мың жұмыс орнымен қамту күтілуде. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзім бойынша атқарылуда, құрылысты аяқтау 2022 жылға белгіленген.

Сондай-ақ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және жоғары оқу орындары негізінде құрылатын IRAP ұлттық озық білім платформасын құру жобаны жүзеге асырудың басты нәтижесіне айналады. IRAP-ты ұлттық заңнамаға енгізу бойынша егжей-тегжейлі дайындалған ұсыныстар дайындалады.

Бағалау 50-ден астам параметр бойынша жүзеге асырылады және әр 100 метр сайын тікеліп отырады. Бағалаудың осы түрінің маңызды сипаттамасы – жұлдызды рейтинг 5 балдық шкала бойынша автомобиль ішіндегі жол жүрісіне қатысушыларға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге, мотоцикл жүргізушілеріне және велосипедшілерге бөлек тағайындалады. Бұл тәсіл инклюзивті болып табылады және тиімділікті арттырады, өйткені жол қозғалысына қатысушылар кейбір санаты назардан тыс қалуына жол бермейді. Бағалау бағдарламалық жасақтамасы бар арнайы жабдықталған автомобильде жүзеге асырылады. Жұлдызша рейтингін алғаннан кейін жол-көлік оқиғалары қаупінің деңгейін төмендету үшін инвестициялық жоспар жасалады, соған сәйкес ағымдағы кемшіліктерді түзете отырып, төмен рейтингі бар аймақтарды жақсартуға тура келеді.

Бұл әдістің артықшылығы, ол тек қауіптілігі жоғары жерлерді анықтап қана қоймай (1 немесе 2 жұлдызшалы учаскелер), сонымен қатар барлық жол учаскелерін талдауға толық мүмкіндік беріп, апат деңгейі төмен (4 жұлдызды) жақсы учаскені мейлінше қауіпсізге (5 жұлдызды) жеткізуді бекітуге ұмтылдырады.

Жол бойындағы қызмет

Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Осы жылдың басынан бері 35 бірлік қызмет көрсету объектілері салынды, осылайша олардың жалпы саны 1839 бірлікті құрайды, оның 939 бірлігі (53%) халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес келеді. Жыл соңына дейін қызмет көрсету нысандарының 58%-ын халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіру жоспарлануда.

Министрлікте «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-мен «Компас» желілік жанармай құю станциялары компаниясы арасында жол бойындағы қызметті дамыту саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

Бұл келісім құрамына жанармай бекеті, ауыр көліктер мен автобустарға арналған кең автотұрақ, 80 орындық фуд-корт, тауарлар мен автомобиль керек-жарақтарының үлкен таңдауымен Express Market кіретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол бойындағы сервистік кешендердің 35 бірлігінің құрылысы қарастырылған.

Жоба 4200 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, биыл жеке инвестициялар есебінен республикалық маңызы бар жолдардың бойында жайлы жабдықталған санитарлық-гигиеналық тораптары (СГТ) бар 18 бірлік жанар-жағармай құю стансалары (Compass, GasEnergy, ҚазМұнайГаз, Helios, Sinooil) салынуда. Сондай-ақ, қалпына келтіру учаскелерінде 22 бірлік СГТ жарақтандырылады.

Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында биылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылға дейін жол бойындағы қызмет көрсету объектілері бүкіл республикалық автомобиль жолдары желісі бойынша ұзындығы 24 мың км болатын аумақта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін болады.

Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT