Жолдау бізге жігер береді

 

Мен, қарапайым автомеханик ретінде, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған бастамаларды толық қолдаймын. Елдің дамуы үшін еңбектің маңызы зор екенін Жолдауда ерекше атап өтуі — біз, жұмысшылар үшін үлкен мотивация.

Президенттің өнеркәсіпті дамыту, техникалық мамандық иелерін қолдау және жастарды кәсіпке баулу жөніндегі бастамалары біз үшін аса өзекті. Себебі қазіргі заманда кәсіби шеберлік пен адал еңбек — елдің ілгері басуының басты кепілі.

Біз өз ісімізді сүйіп, сапалы қызмет көрсетіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз. Еңбек адамының еңбегі бағаланатын елде болашақ жарқын боларына сенемін!

 

Ақниет Бейімбетұлы

Аққала ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT