Жүрегін балаға арнаған жан

 

2025 жыл – Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл ел Президентінің тікелей бастамасымен жүзеге асқан маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

    Жаңа кезеңге аяқ басқан қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттырып, жұмысшы мамандықтарының маңызын қайта бағалау қажеттілігі туындады. Өйткені ел экономикасының, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласының ілгерілеуі — дәл осы еңбек адамдарының табанды еңбегінің арқасында жүзеге асады.

  Бүгінгі таңда тәрбиеші тәлімгер болу аса жауапкершілікті талап етеді. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Баланың тілін табу үшін де терең білім, сабырлылық, шыдамдылық керек-ақ. Осындай қиын да, қызықты, ең құрметті мамандықты жанына серік еткендердің бірі – 

Айым Бағытқалиеваның еңбегі көпке үлгі. Ол 6- жылдан астам уақыт “Анашым” балабақшасында тәрбиеші болып қызмет етіп келеді. 

  Кейіпкеріміз еңбек жолын 2019 жылы бастаған. 2024 жылы педагогикалық оқуларға қатысып, 1 орынды иеленген. Облысқа жолдама алады. Сайыста өзінің біліктілігінің арқасында еңбегі еленіп, облыстық кезеңде де құрметке бөленеді. 

 Одан бөлек, аудандық және облыстық тамыз самиттерінде спикер болып қызмет еткен. Сондай-ақ, республикалық семиналарға қатысып өзінің бағын сынаған.

  Балабақша тәрбиешісі – бұл қай кезде де, ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуметі мол тұлға, сондықтан да үнемі жаңа қоғамға жаңа көзқараспен, жас ұрпақ тәрбиесіне жігерлі күш жұмсау мақсатында жұмыс жасап келемін- дейді кейіпкеріміз.

  Айым Бағытқалиева сынды еңбекқор жандар – ел болашағының берік іргетасын қалайтын тұлғалар. Олардың еңбегі – құрметке лайық, ізі – ертеңгі ұрпаққа үлгі. Сондықтан да 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» атануы – ел үшін, қоғам үшін және әрбір еңбек адамы үшін маңызды тарихи сәт.

Осы бастаманың аясында елімізде тек жұмысшы мамандықтарының маңызы артып қоймай, олардың қоғамдағы рөлі, беделі мен үлесі де лайықты бағаланатын болады. Себебі еңбек – елдің байлығы, ал еңбек адамы – сол байлықтың иесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT