Журналистерге миллион теңге көлемінде сертификат беріледі

Бұған дейін екі жылда бір рет беріліп келген​ Тауман Амандосов атындағы сыйлық бұдан былай журналистер арасында​ жыл сайын иегерлерін анықтайтын болады.

Және әр номинацияға 500 000 теңге ақшалай сыйақы тағайындалады. Бұл туралы​ БАҚ өкілдерін онлайн конференция арқылы жинаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

«Тауман Амандосов атындағы сыйлық иегерлері бұған дейін​ 4 номинация бойынша анықталып келген еді. Ендігі жерде номинация саны​ 10-ға​ дейін жетіп отыр. Әр номинация иегеріне​ 500 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.​ ​Бұрын сыйақы көлемі​ 150 000​ теңге​ болатын.

Тағы бір қуанышты жаңалық сол,​ журналистерге баспана алуға қолдау көрсету мақсатында алғашқы жарна ретінде 1 миллион теңге сертификат беріледі. Аталмыш сертификат бір мезгілде​ 5 адамға беріледі деп күтілуде» деп атап өтті онлайн жиын барысында​ Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

atr.kz

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика