Жыл басынан бері есірткіге қатысты 36 құқықбұзушылық анықталды

Облыс аумағында есірткі қылмысымен күрес саласы бойынша жедел жағдайды тұрақтандыруға бірқатар шаралар қабылданып, жүргізілуде.

Басты назар нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және есірткілердің келу арналарын жойып, есірткі құралдарын сату мен тасымалдауды анықтауға бағытталды. 2021 жылдың 3 ай ішінде 36 құқықбұзушылық, оның ішінде – 17 есірткі заттарын сату фактісі, аса ірі көлемде есірткі затын сақтау – 2 фактісі, есірткіні жарнамалаудың – 3 фактісі анықталды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT