Жыл қорытындысы: Атырауда спорт нысандарының саны артуда

(0 Votes)

2024 жылы Атырау облысы спортсаласында тұрақты нәтижелеркөрсетіпхалықаралық және ұлттықжарыстарда 2000-ға жуық медаль жеңіп алды. Өңірде ауылдық жерлерде жаңанысандар салуға баса назар аудараотырып, спорттық инфрақұрылымдыдамыту процесі жалғасты. Сондай-ақ, жас спортшыларды даярлаудажетістіктерге қол жеткізілді, ал облысспортшылары Паралимпиадаойындарында жоғары нәтиже көрсетті.Алдағы жылдары бірқатар спорткешендерінің құрылысын аяқтаужоспарлануда, бұл спортпен шұғылдану үшін тұрғындарға молмүмкіндіктер ашады, депхабарлайды Аtyrau Рress тілшісі. 

Спорттық жетістіктер 

Биыл облыс спортшылары 2000-ға жуықмедаль жеңіп алды, оның 91-і әлемчемпионатында, 71-і Азиячемпионатында, 450-і ҚазақстанРеспубликасының чемпионатында. Айтакету керек, ең көп марапаттарғаолимпиадалық емес спорт түрлерініңспортшылары ие болды.

Спортшылар үшін ең жоғары марапат -"Еңбек сіңірген спортшыатағы. Ағымдағыжылы 3 "Еңбек сіңірген спортшы"дайындалды. Бұл атақ Абиба Әбужақынова, Зарина Райфова жәнеЖұрқамырза Шүкірбековке берілді.Сондай-ақ, 4 спортшы халықаралықдәрежеге қол жеткізді, 20 атыраулықспорт шебері және 200 спорт шеберінеүміткер болды. Бір жаттықтырушы"Парасат" медалімен және тағы бірі "Құрмет" орденімен марапатталды. 

Облыс бойынша барлығы 807жаттықтырушы бар. Оның ішіндебасқармаға ведомстволық бағыныстыұйымдарда 665 жаттықтырушы жұмыс істейді. Жалпы, облыста 30 ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңіргенжаттықтырушысы бар. Жаттықтырушылардың кәсіби өсуіне көпкөңіл бөлінедіреспубликалықорталықтарда біліктілікті арттырукурстарынан өту бойынша жұмыстарұйымдастырылды. Биыл еліміздің құрамакомандасына кірген спортшылардың саны 451 адамды құрады, бұл өткен жылғыкөрсеткіштен асып түсті. Атырауоблысының парапортсмендері де биылжоғары нәтижелерге қол жеткізді. ЖазғыПаралимпиада ойындарына қатысуғаоблыстың 16 спортшысы лицензия алды.Парадзюдошылар паратаеквондодан екіқола медаль жеңіп алды, ал паралегалда  5-ші орын алды. ҚазақстанРеспубликасы құрамасының құрамынакіретін параволейболшылар да 5-ші орынды иеленді.

 

 Жыл басынан бері облыста 125 000-нан астам адамды қамтитын 1000-нан астамспорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді,оның 70 мыңы ауылдық жерлерде.Маңызды және ауқымды іс-шаралардыңішінде жеңіл атлетикалық марафондар,жүгірулер, отбасылық жарыстар жәнежаппай коньки тебуді атап өтуге болады.Басқарманың бастамасымен 71 спорттықіс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде таеквондо, шинкиокушинкай каратэ,баскетбол, жекпе-жек, волейбол, бокстанжәне күрестен ҚР 7 чемпионаты,сондай-ақ 6 республикалық турнир.Спортты дамыту бойынша жүргізіліпжатқан жұмыстар көптеген адамдардыңдене шынықтырумен айналысуынамүмкіндік туғызады. Барлық спортмектептерінде кешкі уақытта, сондай-ақсенбі мен жексенбіде тұрғындар тегінспортпен шұғылдана алады.

2024 жылы Атырау облысыныңспортшылары көптеген халықаралықжарыстарға қатысты. Жалпыбіздіңспортшылар әлем чемпионаттарында 91Азия чемпионатында 71 жәнехалықаралық турнирлерде 248 медальжеңіп алды. Спорттық резервтідаярлаумен 31 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі,олимпиадалық резервті даярлауорталығы және олимпиадалық резервтіңоблыстық мамандандырылғанмектеп-интернаты айналысады. Жасспортшылар бокс, күрес, дзюдо, қазақ күресі, таеквондо және басқа да спорт түрлерінде айтарлықтай нәтижелергеқол жеткізді.

 

Олимпиадалық резервті дайындауорталығының тәрбиеленушілеріхалықаралық жарыстарда медаль жеңіп алды:    

 Дзюдо: Гүлхан Шыңғысхан-ЕуропаКубогының иегері, ӘселРусланова-Еуропа Кубогының күмісжүлдегері, Інжу Жұмажан-Қазақстанчемпионы, Аниса Ибатолла-Қазақстанчемпионатының күміс жүлдегері, ДанаӘбдірова  жастар арасындағыҚазақстан чемпионы.    

* Бокс: Бекхан Оразбаев, МансурАмантай-кіші жасөспірімдер арасындағыАзия чемпиондары, Жандос Алпысбаев жасөспірімдер арасындағы Қазақстанчемпионатының қола жүлдегері, АртурЖарбулов-жастар арасындағы Қазақстанчемпионатының күміс жүлдегері.     

* Таеквондо: Бекет Болатұлы-жастар арасындағы Қазақстан чемпионы"Азиябалалары" халықаралық жарысында 3орын, Әмір Өтемұрат, ЗейнепАзаматқызы, Бағытжанқызы Нұрайлым Қазақстан чемпиондары.     

* Жүзу: Дарья Чеснокова, ДмитрийСафронов  Қазақстан чемпиондары.    

* Су добы: Қазақстан чемпионатындакомандалық 3 орын.    

* Байдарка мен каноэде есу: ЕвгенийРусаков  Азия және Қазақстанчемпионы.

 

Спорттағы дарынды балаларға арналғаноблыстық интернаттың спортшыларытаеквондо мен дзюдоданчемпионаттарда, халықаралық жәнереспубликалық турнирлерде жүлделіорындарға ие болды. Таеквондо, бокс,еркін күрес және дзюдодан "ҚазақстанРеспубликасы спорт министрінің кубогы"жарысында команда 10-шыжалпыкомандалық орынға ие болды.Таеквондистер: Парасат Болат, ЗинеденТабисов, Дастан Қадырғали, МәдиЖайберген, Бекжан Бақытжанұлы чемпиондар мен жүлдегерлер,республикалық және халықаралықтурнирлердің жетістіктерін ерекше атап өткен жөн. Дзюдодан Асылхан Мәлік,Марғұлан Жұмабай, Әлихан Пауеден,Темірлан Сұңғатов, ал еркін күрестенЖанарыс Орбисин және басқаларерекшеленді. Жұмыс істеп тұрған спортмектептері аясында Атырау облысындаүстел теннисі, шахмат және қазақ күресібойынша бөлімшелер ашылды. Ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту жәнежетілдіру үшін "Ұлттық спорт түрлерібойынша клубкоммуналдық мемлекеттікмекемесі құрылды. 

Спорт кешендерінің құрылысы

Бүгінгі таңда Атырау облысында 783спорт нысаны жұмыс істейді. Халықтыспортпен шұғылдануға тарту үшінауылдық елді мекендерде спорткешендері мен спорт алаңдары салынуда.Ауылдық округтерде спортнұсқаушыларының штаттық бірліктеріенгізілді. Сондай-ақ, спорт мектептеріндеолимпиадалық спорт түрлері бойынша секциялар ашылады.  Биыл АтыраудаХипоселокта, Ақсайда, Тасшағылда,Жасқайратта, Мақат кентінде спорткешендері пайдалануға берілді. Бес спортнысанының құрылысы аяқталуда: Исатайауданында ХЕрғалиева ауылында,Атырауда Дамба және Жаңаталапауылдарында, Құрманғазы ауданындаНұржау ауылында және Жылыойауданында Құлсары қаласында.

 

Бұдан басқа, қазіргі уақытта Құрманғазыауданында Сафон, Сүйіндік, Жұмекен,Көптоғай ауылдарында, Қызылғоғаауданында Қарабау, Қоныстану, Сағызауылдарында, Исатай ауылында,Махамбет ауданында Таңдай ауылындажәне Мақат ауданында Байгетөбе ауылында он жаңа спорт кешенініңқұрылысы жүргізілуде. Бұл нысандардыңқұрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл шаралар өңірдіңспорттық инфрақұрылымын дамытуғажәне халықтың физикалық денсаулығынжақсартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететін бұқаралықспорт үшін жағдай жасауға бағытталған.

Облыста спорттық инфрақұрылымменқамтамасыз етудің жалпы көрсеткіші1000 адамға шаққанда 62% құрайды.Өткен жылы спортпен үнеміайналысатын азаматтарды қамту 44%құрады. Өткен жылмен салыстырғандакөрсеткіш 3,8%-ға немесе 31 мың 632адамға арттыБиыл спортты дамытуға 22210,0 мың теңге бөлінді. Барлық бөлінгенқаражат игеру сатысында. Алайдакөктемгі су тасқынына байланысты кейбіріс-шаралар өткізілмеді. Пайдаланылмағанқаражат бюджетке қайтарылды.

Аружан Ажимкулова

Аударған Амандық Сағынтайұлы

Фото: автор және ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT