Жылыойлық жас саяхатшылар сапардан оралды

Биылғы «Туған елге саяхат» пойызының алғашқы кезеңіне Атырау облысындағы су тасқыны болған Жылыой ауданынан 38 бала қатысты.

 

7 шілде елордаға еліміз бойынша қызықты сапардан оралған бақытты балдырғандардың арасында Әсет есімді жас саяхатшы да бар. Жобаға Құлсары қаласынан қатысқан ол саяхаттан көп нәрсе ойға түйіп, көкжиегі кеңейгенін, жаңа достар тапқанын айтады.

 

Сонымен қатар, кейіпкеріміз «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық шараларға белсенді атсалысқан. «Маған бәрі өте ұнады, достар таптым. Әртүрлі қалаларды араладық. Түркістан, Алматы, Байқоңыр, Бурабай – әрқайсынан ерекше әсер алып отырдым. Пойыздың өзінде де уақытты бос өткізбей, түрлі ойындар ойнап, ағылшын тілін оқыдық. Қоқысты да жерге лақтырмай, арнайы орындарға тастауды үйрендік. Сондай-ақ су тасқынынан соң қазір бізде бәрі жақсы екенін айтқым келеді», - деп бөлісті балалар пойызының жолаушысы.

 

4647 шақырымдық сапар қорытындысында утилизацияға 100 келі тұрмыс қалдығы тапсырылды. Еске сала кетсек, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен алтыншы мәрте жолға шыққан «Туған елге саяхат» пойызы арқылы бұған дейін 5 жылда 3 мыңға жуық бала қамтылды. Өткен жылдан бері жобаға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия серіктес болып келеді.

 

Алдаберген КЕМПІРБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521