Зиянкестерден қалай құтыламыз?

Қазіргі кездегі негізгі мәселе – ауыл шаруашылығы өсімдіктерінен тұрақты түрде мол өнім алу. Алайда, зиянкестердің әсерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігі 10-20%-ға азаяды, тіпті өнім түсімінің болмауы да мүмкін.

Зиянды жәндіктердің түрлері өте көп. Зиянды жәндіктермен күресті дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түрлерін, мониторинг пен күресу шараларын жақсы білу қажет. Зиянкестерге қарсы тек улы препараттарды қолданудың кері әсері де бар. Сондықтан ол қазіргі уақытта арнайы ереже бойынша жүргізіледі. Сонымен, зиянкестер қандай жәндіктер, онымен қалай күресеміз? Дәл қазіргі уақыттағы өнімдер пісіп-түсіп жатқан кезде оны біле жүргеннің зияны жоқ.

Бақша бітесі. Бұл жәндік қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды. Бақша бітесінің ұзындығы - 1,2-2 мм, түсі сарыдан бастап қара жасыл, тіпті қара болып келеді. Баланқұрттары сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде, 120 С температурада, бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетіндегі бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады.

Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру керек. Себебі, біте екпе дақылдарына тек осы арамшөптерден ғана көшеді. Түскен жапырақтардың астындағы қыстап жатқан қан-қызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу абзал. Инсектицидтерді сәйкес қолдану керек.

Алма күйесі. Ұсақ көбелектер, ақ түсті. Қанатын жазғанда 18-20 мм-ге дейін жетеді. Алдыңғы қанаттарында үш қатар қара дақтар бар, артқы қанаттары сұр, ұзын шашағы бар. Жұлдызқұрты алқаш сары, арқасын бойлай екі қатар қара дақтары бар.

Бір жастағы көбелектер екі-үш жылдық өркендердегі дәнжарнақтардың астында қыстайды. Көктемде олар дәнжарнақтардың астынан шығады да, жас жапырақтарға еніп, шағын тесіктер түзеді. Алма гүлдеген кезде жұлдызқұрттарға еніп, шағын тесіктерден шығып, өрмек ұяларын түзеді және жапырақ жұмсағымен қоректенеді, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Жұлдызқұрттың дамуы 40-45 күнге дейін созылады. Қоректеніп болған жұлдызқұрттар ұяларында өздеріне піллә жасайды және үлкен топтармен қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 2-3 аптаға дейін созылады. Пайда бола бастаған көбелектер түнде ұшады және 1-2 аптадан кейін бір қабықта тобымен 20-80 дана жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын көбелек кілегей сұйықтықпен қаптайды. Олар кейін құрғап, қатып қалады. 2-3 аптадан соң жұлдызқұрттар шығып, дәнжарнақтың астында қыстап қалады. Алма күйесі бір ұрпақта дамиды.

Күресу шаралары. Шағын учаскелерде жұлдызқұрттарды өрмек ұяларымен қоса жинап, жою. Өлі қабықтарын тазартып, өртеу. Инсектицидтерді сәйкес қолдану керек.

Елжас НАЖМЕДЕНОВ,

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» аудандық филиалының агроном-энтомологы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521