Зорлыққа ұшырасаңыз, үнсіз қалмаңыз

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтіп жатқан республикалық «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында облыс полицейлерімен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

ІІО-да есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары, атап айтқанда, 102 нөмiріне отбасылық жанжал ретінде жиі хабарлама беретін азаматшалардың мекен-жайлары тексеріліп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.

conf02-min

Аталмыш акция аясында, «Қазақстандағы әйелдер құқығы мүмкіндіктер мен кедергілер» атты облыстық конференция өтті. Зорлық-зомбылықтың алдын-алу және болдырмау, сондай-ақ, аналар мен балаларды қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданған шаралармен таныстыру мақсатында өткен жиында облыс полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша бөлім басшысы полиция подполковнигі Бибігүл Төлегенова және әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Самал Супалиева "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында полиция қызметкерлерімен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

zal0212-min

Полиция қызметкерлері ескертеді: "Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда үнсіз қалмаңыз! Дереу 102 немесе 98-20-98; 98-22-05 номеріне хабарласыңыз! Дағдарыс орталығы: 46-60-60 мекен-жайы: Атырау қаласы Алмагүл ы/а №4 үй (ірге қабаты)

Ана үйі: Нәбиден Абуталиев көшесі №4 үй тел: 8701 337 11 92"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT