Неке бұзуға қатысты бес айда он бес арыз түскен

Қазіргі таңда «неке» деген сөздің құндылығы төмендеп кеткен тәрізді. Олай деуге себеп те жоқ емес.

Бүгінгі шаңырақ көтерген жастар ертеңіне ажырасып жатады. Және бұған аса маңызды себеп те жоқ. Арызданушының басым көпшілігі жолдасым табысын үйге әкелмейді немесе табыс таппайды, тапқанын ойынханаға жібереді, алдады-арбады, ұрып-соғып, үйден қуып шықты, тағы да басқа жеңілдің үстімен жазылған талап арыздардың соңы заңды некені бұзумен аяқталуда. Ал, арадағы балалардың тағдырын ойлап жатқан не әке, не ана жоқ.

- Жалпы қазіргі уақытта неке бұзу фактісі көбейіп тұр. Жастар деп жатамыз, арасында ақыл тоқтатқан отбасылар да жоқ емес. Аудан бойынша жыл басынан бергі бес айда 15 арыз түсіп, оның 9-ына сот шешімі шығып, 3 арыз медиациялық тәртіппен қысқартылып отыр. Арызын жазып алып, сот залына келгенде татуласып жатқандар да бар. Бүгінде сот жүйесінде отбасылық мәселелерді дау-дамайсыз, келісімді түрде шешу бағытында екі тарапты татуластыруда арнайы билер алқасының құрамы бекітіліп, жұмыс жасап жатыр. Жоғарыда айтып өткен көптеген мәселелер осы билер алқасының көмегінің арқасында жеңілдеп, арыз-шағымдар қысқартылуда, - дейді аудандық соттың төрағасы Алтыншаш Мағзомова.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT