Аида Балаева: Конституция күні – тұрақты да тиянақты дамудың белгісі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды атаулы мерекеміз – Конституция Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан тура 26 жыл бұрын – 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы президенттік басқару формасындағы бүгінгі зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекетіміздің негізін қалаған Ата Заңымыз қабылданған еді. Бұл жаңадан құрылған жас мемлекетіміз үшін де, тәуелсіздік жауапкершілігінің тарихи жүгін сезінген азаматтар үшін де сындарлы кезең болды. Уақыт көрсеткендей сол кездегі халық таңдауы бүгінгі жемісті нәтижесін көрсетіп отыр.   

Содан бері ширек ғасырдан астам уақыт Ата Заңымыз азаматтарымыздың құқығы мен бостандығын қорғап, қоғамның демократиялық қағидалар негізінде дамуын қамтамасыз етіп келеді. Егер Тәуелсіздік – мемлекетімізге әлемдік қауымдастықпен терезесі тең дәреже әрекет етуге мүмкіндік берсе, Конституция – осы мемлекеттің әрбір азаматының өз құқығын қорғап, ондағы адам өмірінің ең жоғарғы құндылық екендігіне кепілдік береді.

Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні – бұл тұрақты да тиянақты дамудың белгісі.  Пандемия – қазір қоғам үшін күрделі де ауыр кезең болып отыр. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, халқымыздың уақыт сынағынан өткен мызғымас бірлігі мен қамқор тірлігі бұл қиындықты да нәтижелі еңсеруге мүмкіндік береді деп сенемін.     

Биыл ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың негізінде елдігіміздің еңсесін тіктеп, іргесін бекітіп келе жатқан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Бұл біздің баға жетпес басты құндылығымыз. Жарқын келешек пен баянды болашақ қалыптастырудың осы жолында біз алда да аянбай еңбек етіп, қашанда бір тудың астында біріге білуіміз қажет.

Конституция Күні құтты болсын!», деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521