Алғашқы ұстазымызға алғыс айтамыз

Иә, осыдан төрт жыл бұрын біз 6 жастағы бүлдіршін едік.

Сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттағанбыз. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, мектебіміздің орта буындары қатарына қосылғалы тұрмыз.

Осы жылдарда әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен біздің алғашқы ұстазымыз бен пән мұғалімдерінің еңбегі шексіз екенін ұғындық.

4-cl

4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып, мыңдаған сабақтар оқып, 6560 дәптер тауысып, 6600 рет қоңырау үнін естідік.

Бастауыш сыныппен қимай қоштаса отырып, алғашқы ұстазымыз Зоя Молдашқызына мың алғыс білдіреміз! Асыл да аяулы ұстаз! Шәкірттік жүрекпен отбасыңызға береке, шаттық, таусылмас қуаныш тілейміз.

Новобогат орта мектебінің 4-сынып бітіруші оқушылары,

Х.Ерғалиев ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT