Атырауда Халықаралық қарттар күні аталып өтті

«Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде» мерекелік іс-шара өтті – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мерекелік іс-шараға Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қатысып, қарияларға басқарма тарапынан сыйлықтар табыс етті.


- «Қарты бар елдің қазынасы бар» дегендей, біздің тілеуіміз үлкендеріміздің амандығы. Ортамызда елдің тілеуін тілеп, аман-сау жүре беріңіздер – деп, жылы лебізін білдірді Атырау облысы жұмыспен қамту басқарма басшысы А.Мәмбетов.

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ұжымы концерттік бағдарлама ұсынып, мерекенің шырайын келтірді.
Зор құрметке ие болған қарттар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

photo_2021-10-01_15-57-46

photo_2021-10-01_15-57-45

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521