Береке мен молшылық әкелсін!

Құрметті ауылдастар!

Құм Нарын мен Қарт Каспийдің бойын жайлаған Исатай батыр атындағы ауданымызға көгілдір көктеммен бірге ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесі де келіп жетті.

Жыл басы саналатын осы күні бабаларымыз қытымыр қыстан аман шығып, өткен күнге салауат айтып, болашаққа үмітпен қарап, бір-біріне ақжарма тілектерін ақтарған. Бүгінде біз осы дәстүрді қайта жаңғыртып, оны рухани қазынамызға айналдырдық. Бұл мереке қазақ еліндегі сан ұлт өкілдерін бірлік пен татулыққа бастайтын жалпыхалықтық ынтымақ салтанаты күні болып отыр.

Өткен жыл мен биылғы жыл басында кездескен бірқатар қиындықтарға қарамастан, мемлекетіміз халықты қолдап, азаматтардың қалыпты өмір сүріп, да- муына бар мүмкіндікті жасауда. Жергілікті биліктің бір тармағы ретінде аудандық мәслихат пен оның депутаттары өкілді орган ретінде атқарушы органдар мен бұқара арасына алтын көпір болып келеді. Алдағы уақытта да жұртшылықтың мүддесі жолында ауылдастарымыздың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін аянбай қызмет ете беретін боламыз.

Барыс жылы әр отбасына береке, табыс, молшылық әкелсін, ел игілігіне арналған жақсы әрі жасампаз істеріміз көп болсын.

Жаңа жыл құтты болсын, Ұлыс оң болсын, ағайын!

Нұрлан МҰХАНБЕТАЛИЕВ

Исатай аудандық мәслихат хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT