Бірлік түбі – береке

Құрметті Исатай ауданының тұрғындары!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді басты байлығы санайтын көпұлтты Қазақстан халқы үшін айрықша маңызға ие. Елімізде бір шаңырақ астында 140-тан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп, достық пен бауырмалдықтың айрықша үлгісін көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда ауданымызда 30-дан астам өзге ұлт өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, ағайын-туыстай ауызбіршілікті өмір сүруде.

Қадірменді жерлестер!

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз.

Қазақта «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының түп қазығы татулық пен бірлікте. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбіріміздің міндетіміз болып табылады.

Сіздерді осынау береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі қарсаңында шынайы көңілмен құттықтап, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстанның мерейі үстем, мәртебесі биік болсын!

Полымбет ХАСАНОВ,

Исатай ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521