Исатай ауданының әкімі қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

15 қараша - Ұлттық валюта – Теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді Ұлттық валюта - Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын!

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – теңгенің айналымға енуі ел тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, теңге – мемлекетіміздің басты нышанына  айналды.

Теңгенің айналымға енуі біздің елдің ұлттық нарық инфра-құрылымының қалыптасуына жол бастады. Төл теңгеміздің қолданысқа түсуі тәуелсіз Қазақстанды нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. 

Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжірибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі басымдықты, шынайылықты қажет етеді. Елімізде 1997 жылдан бері 15 қараша - төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Күні бүгінде ауданымыздың жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім-біліктіліктеріңіздің арқасында өңіріміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Алдағы уақытта да осынау биік межеден көрініп, ел экономикасының әлеуетін арттыруға күш салады деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз табысты болып, қаржы саласында жаңа белестерге жете беріңіздер.

Полымбет ХАСАНОВ,

Исатай ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521