Исатай ауданының әкімі ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қараша айының үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні болып саналады.

Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері!

Сіздерді қараша айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер тұрғындарға аса қажетті, еліміздің әлеуметтік – экономикалық басты көрсеткіші болып табылатын салада қызмет етіп келесіздер. Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуы сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы. Еңбексүйгіштік пен қарапайым еңбек адамының үлгісін көрсетіп жүрген сіздерге зор ризашылығымды білдіремін.

Қымбатты жерлестер – мереке иелері! Қажырлы еңбектерiңiзбен ауданымыздың экономикасының дамуына ғана емес, қоғамда әлеуметтiк тұрақтылықтың нығаюына да қомақты үлес қосып жүрген Сіздердің кәсіптеріңізге береке мен молшылық тілеймін. Ел ырыздығын еселеген еңбектеріңіз одан әрі өркендеп, Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденіп-көркеюіне алдағы уақытта да өз үлестеріңізді қосады деп сенемін.

Жаңа бастамаларыңыз жемісті болып, мақсат, мұраттарыңыз орындала берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Полымбет ХАСАНОВ,

Исатай ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521