Исатай ауданының әкімі исатайлықтарды Конституция күнімен құттықтады

Исатай ауданының әкімі П.Хасанов аудан тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің ресми фейсбук парақшасында жарияланды.

Ол Исатай ауданы әкімдігінің ресми фейсбук парақшасына:

«Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Тәуелсіздіктің теңдесіз тартуы, ел тарихындағы ең басты мерекелердің бірі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі.

Басты құжатымыз қолданысқа енгізілген сәттен бастап еліміз тұрақты даму жолына түсіп, әлемнің алпауыт елдерімен терезесін теңестірді. Тұрақтылық пен берік бірлігіміздің нәтижесінде Қазақстан халқы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындырды.

Отанымыздың табысты және серпінді дамуына исатайлықтар да өз үлестерін қосуда. Ауданымыздың әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіші жоғарылап, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалуда. Осы бағыттағы жұмыстардың барлығы да Ата Заңымыз белгілеп берген заңнамаларға сәйкес жүргізілуде.

Осы мерекеге орай барша исатайлықтарға мықты денсаулық, ынтымақ пен бақ-береке тілеймін!

Ата заңымыз айбынды, егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!» деп жазды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521