Атырауда «Мерейлі отбасы» марапатталды

«Отбасы күні қарсаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазын марапаттады», - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара республика деңгейінде онлайн форматта өтті. Салтанатты шараны ашқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.

Атырау облысының атынан байқау жеңімпазы болған Кенжешевтер отбасы. Олар Исатай ауданы, Исатай ауылының тұрғындары. Отағасы Құрманбек Кенжешев пен жұбайы Гүлден Мұхамеджанова теміржол саласының ардагерлері. Әулеттің үлкендері 7 бала, 7 немере, 9 жиен мен 2 жиеншар сүйіп отырған үлгілі отбасы.

84fbe4b1-20f7-43f7-9828-0f7777cdd61d


Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мерейлі отбасын құттықтап, 5 миллион теңге мен Алғыс хат және арнайы белгіні табыс етті.

«Отбасы деген – біздің түсінігімізде береке-бірліктің қайнар көзі. Отанымыздың іргесін берік, керегесін кең, шаңырағын биік ететін ұлттың басты құндылығы саналады. Сондықтан, тіршіліктің мәні мен сәні – өрелі ұрпақ, ұлағатты отбасы. Мерейлі отбасы ұлттық конкурсы облысымызда ата-баба дәстүрін ұстанып, аманатты жалғаған, ұлттық құндылықтарды көз қарашығындай сақтаған отбасылардың бар екенін сезіндіріп, қуантады. Сіздер арқылы ұрпақты тәрбиелейміз, қоғамның іргесін нығайтамыз деп сенеміз»,-деді М.Досмұхамбетов.

4b31f2c5-2f17-4773-980f-c38fdbe78404

Өз кезегінде республикалық байқаудың жеңімпазы, отағасы Құрманбек Кенжешев «Құрметті атыраулықтар, отбасы күні құтты болсын! Әрине, отбасымызбен көрсетіліп жатқан мұндай құрметке аса қуанштымыз. Санаулы күндерде 70 жасқа толғалы отырған мен үшін бұл ерекше тарту болып тұр. Үлгілі отбасылар елімізде көбейе берсін. Кейінгі ұрпақ біздің өнегелі жолымызды жалғастырса біз үшін одан асқан бақыт жоқ»,-деді ол.

Айта кету керек, биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне 59 отбасы қатысқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521