М.Мурзиев: «Бұл біз үшін табысты жыл болды»

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – бәріміз асыға күтетін, жаңа мақсат-міндеттер белгілейтін және болашақтан жақсы үміт күттіретін мерекелердің бірі.

Өтіп бара жатқан 2019 жыл Исатай ауданы үшін елеулі жетістіктер мен толағай табыстарға толы жыл болды. Өңіріміздің әлеуметтік-экономика саласы серпінді дамып, халқымыздың әл-ауқаты артып келеді. Көптеген жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, ауылдастарымыз Жаңа жылды жаңа қызмет орнында қарсы алуда. Жастарымыздың спортпен белсенді түрде шұғылдануы үшін елді мекендерде спорт алаңдары ашылып, жасөспірімдеріміз тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ өзге елдерден жүлде алып жүр.

Биыл аудан орталығы Аққыстау ауылында батыр бабамыз Исатай Тайманұлының ескерткіші, «Қазақ елі» мәдени-демалыс саябағы, ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш-монумент салынса, Қызыл үй ауылында жаңа мектеп, Зинеден ауылында жаңа балабақша, Өркен ауылында да балабақша ғимараттары салынды. Нарын ауылына кірме жол салынып жатыр. Келесі жылы, амандық болса, аудан орталығының ішкі жолы басталады деп күтілуде. Ол үшін қазірден бастап алғышарттар жасалып жатыр.

Тізе берсек, осындай жетістіктеріміз жетерлік. Өңіріміздің бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Бұл – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.

Алдағы уақытта ауданымыздың игілігі үшін атқаратын істер көп, сондықтан 2020 жыл нәтижелі істерге толы болады деген сенімдемін.

Қымбатты жерлестер! Келе жатқан Жаңа жыл отбасыларыңызға ырыс пен береке, қуаныш пен шаттық әкелсін. Шын жүректен баршаңызға көтерiңкi көңiл-күй тiлеймiн, әр күндерiңiз қуаныш пен сәттілікке толы болсын.

Жаңа жыл елімізге бейбітшілік пен молшылық әкеліп, аудан халқының мерейі арта берсін.

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521