Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Бүгін - Отбасы күні.

2013 жылы Президент Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді. Бүгін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

«Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады», - деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521