Полымбет Хасанов аудан тұрғындарын қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов аудан тұрғындарын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.

Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің ресми фейсбук парақшасында жарияланды.

«Құрметті ағайын, қадірменді жерлестер!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан - айлардың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айды барша мұсылман асыға күтіп, қадір-қасиетін сезініп, мол сауапқа кенеледі. Отыз күн Оразасын ұстап, дұғасын оқып, ниет етеді.

Осынау қасиетті айда Ораза ұстап, ауыз бекіткен барша ағайынның ниеті мен оқыған дұғасы қабыл болсын.

Тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтап, бірлігі мен берекесі арта берсін. Әр отбасыға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!» делінген құттықтауда.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521