Полымбет Хасанов исатайлық дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Құрметті медицина қызметкерлері!

Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әлемде қанша мамандық болса да әрбірінің адам баласы үшін өзіндік маңызы зор. Дегенмен, адам жанының арашасы болған ақ халатты абзал жандардың орны бір төбе екендігі даусыз.

Бұл мерекені сіздердің ерен еңбектеріңіздің дүйім жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге болады. Сіздердің толассыз еңбектеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай жандардың тағдыры тұр.

«Бірінші байлық – денсаулық» десек, біздің әрқайсымыз өзіміздің, жақын туғандарымыздың өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ екенін жақсы түсінеміз. Ал, осы баға жетпес құндылықты сақтап қалу жауапкершілігі Сіздерге жүктеледі. Сондықтан, сіздердің еңбектеріңізді бағалау сіздерге деген зор құрметімізді көрсетеді.

Өздеріңізге мәлім, халықтың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында қолдан келер мүмкіндіктер жасалуда. 

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз бен игілікті істеріңіз әркез жалғасын таба берсін. Өз мамандығына адал, білімі мен біліктілігі жоғары дәрігерлеріміз көп болсын.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, әр күндеріңізге қуаныш тілеймін.

Халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөлене беріңіздер!

Полымбет ХАСАНОВ,

Исатай ауданының әкімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521