Полымбет Хасанов исатайлықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күні біз үшін ата-бабаларымыздың қастерлеп, бүгінгі ұрпаққа қалдырып кеткен қымбат қазынасы, ұлттық дәстүрі. Жер бетінің қайта түлеп, табиғаттың арайлы шуағын шаша келетін шағы – адам баласына ерекше серпіліс беріп, рухани тазаруына ықпал етеді. Күн мен түннің теңелген шағы біздер үшін жақсылық пен жаңарудың, береке мен бірліктің бастауы. Осы күні тіршілікке жан бітіп, табиғат-ана жасарып, ерен еңбектің думаны басталады.

Қадірлі ағайын!

Татулық пен достықты паш ететін Әз-Наурыздың қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтудағы рөлі орасан зор. Ұлыстың Ұлы күні бүкіл әлемге тыныштығы мен жақсылығымен енсін. Наурыз мерекесі әрбір отбасына бірлік пен береке, ырыс пен ынтымақ, молшылық ала келсін!

Полымбет ХАСАНОВ

Исатай ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT