Президент Давид Дегтяревті Токиодағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

«Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін», деп жазды ҚР Президенті Тwitter-де.                                

 Фото: paralympic.kz

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT