Қадірлі тыл ардагерлері, барша ауылдастар!

Қадірлі тыл ардагерлері, барша ауылдастар!

Адамзат тарихында қаншама жылдар өтсе де маңызын жоймайтын ірі оқиғалар болады. Соның бірі – халқымыз өз ерлігімен өлшеусіз үлес қосқан неміс фашист басқыншыларына қарсы болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс тойы.

Бұл мереке ерлік пен бірліктің, қайтпас қайсар жауынгерлік рух пен патриотизмнің символы іспетті. 1418 күнге созылған осы сұрапыл майданда ортақ Отанды қорғау жолында Кеңес Одағының барлық ұлттары қатарында біздің қазақ халқының ұл-қыздары да қан төкті. Сол қатарда батыр бабамыздың атын алған Исатай ауданы аумағынан да мыңдаған азаматтар қан майдандағы кескілескен шайқастарға қатысып, 2000-ға жуық боздақ туған жеріне орала алмады.

Сол сұрапыл жылдарда бұғанасы қатпаған бозбалалар, аналарымыз бен аруларымыз тылда жанқиярлықпен еңбек етті. Соғыс кезіндегі новобогаттықтардың бұл ерлік еңбегі бүкіл Кеңес Одағына әйгілі болды. Сол үшін де біз оларды мақтан тұтып, аға ұрпаққа қарыздар екенімізді айтқымыз келеді.

Баршаңыздың мәртебесі биік, маңызды баға жетпес сол Жеңістің 77 жылдық мерекесімен және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Әрдайым аспанымыз ашық болып, тек бейбіт өмірдің жемісін көрейік.

Нұрлан МҰХАНБЕТАЛИЕВ, 

Исатай аудандық мәслихат хатшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521