Құрбан айт қабыл болсын!

Қадіменді исатайлықтар!

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Береке мен бірлікті арттыратын, кең пейілділік пен жомарттықты, қайырымдылықты насихаттайтын Құрбан айт мерекесі адамдарды бір-біріне жақындастырып, мейірімділікке шақырады. Бұл күні адамдар құрбандық шалып, өзара бір-біріне жақсылық тілейді.

Құрбан айтта ата-бабаларымыз жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қол үшін беру сияқты игі дәстүрлеріміз арқылы ізгілікті істер атқарып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған. Бүгінгі күні де сол дәстүр жалғасын тауып, бүкіл ел болып тойланатын мерекеге ұласуда.

Құрметті жерлестер!

Қасиетті Құрбан айт күндеріндегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңіз, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын. Әрбір отбасыға амандық, мықты денсаулық, ырыс пен ынтымақ тілеймін.

Еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы арта берсін!

Полымбет ХАСАНОВ,

Исатай ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521