Тәуелсіздік - бар игіліктің бастауы

Құрметті исатайлықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 28 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.

Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары киелі Нарын жерінің экономикалық әлеуеті жаңа қарқынмен дамып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсара түсті. Тоғыз жолдың торабында орын тепкен өндірісті өңіріміз жоғары дәрежеде танылып, өңірге шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артуда. Мұның барлығы - тәуелсіздіктің жемісі.

Қадірлі жерлестер!

«Мәңгілік Ел» жолында, текті ұлтымыз Ұлы Даланың төрінен әлемге даңқы тарап, жаңа замананың көшімен шеру тартып келеді. Қазақ Елі бабалардың аманатын адалдықпен арқалап, бүгінгі күннің қуатын бойға жиып, болашаққа деген нық сеніммен, іргелі мемлекетке айналды. Шекарасын бекітіп, шаңырағына шаттық ұялап, Тәуелсіз ел болды.

16 желтоқсан – қасиетті күн, тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Азаттықтың арайлы таңындай болған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызды осынау бар игіліктің бастауы болған Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміздің жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша исатайлықтарға бейбіт өмір, тыныштық, отбасылық бақыт тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын! 

Исатай ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521