Дулат әлем чемпионатына жолдама алды

Жақында Түркістан облысы, Кентау қаласында белбеу күресінен 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Бұл Қазақстан Республикасының чемпионаты Өзбекстан Рес-публикасы Ташкент қаласында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу болып табылады. Аталған сында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті Дулат Ерболат (жаттықтырушысы Равиль Таукен) 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 5 кездесу өткізіп, жарыс қорытындысы бойынша ІІ орынды иеленді. Енді ол Өзбекстан мемлекетінде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521