12 жасар Інжу халықаралық турнирде топ жарды

Исатайлық палуан Інжу Жұмажан Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласында өткен халықаралық турнирде топ жарды.

Сүйінші хабарды спортшының жаттықтырушысы Тұрар Ризуановтан білдік.

- «Весенний кубок» халықаралық турниріне Әзербайжан, Қырғызстан, Якутия және өзге де алпауыт мемлекеттерден барлығы 600-ден астам спортшы қатысты. Бұл турнирде ел намысын қорғаған шәкіртім Інжу 40 келі салмақ дәрежесінде бағын сынаған болатын. Өз тобында төрт кездесу өткізіп, барлығында таза жеңіспен аяқтады. Несін жасырайын, шәкіртімнің бойына жаттықтырушы болып сіңірген тәлімімнің жемісін көргенде бір марқайып қалдым. Бұйыртса, бұл алдағы әлі талай жеңісті күндерге деген ұмтылыстың басы ғана. Ал, қалғанын уақыт көрсетеді, - дейді сүйінші хабармен бөліскен Тұрар Ризуанов.

5

Осылайша, ұядай ғана ауылдан шыққан талантты спортшымыз дүбірлі додада атой салып, абыройымызды асырып, «Весенний кубок» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дейді қазақ. Кейінгі буынның спорт саласында осындай үлкен жетістіктермен өсіп келе жатқанын жаттықтырушының тәлімімен байланыстырсақ та еш жаңылыспаған болар едік.

Айта кетейік, Інжу Жұмажан Зинеден ауылының тумасы, «Барыс» спорт клубының шәкірті. Ол жас та болса күні бүгінге дейін ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, талай дүбірлі додада топ жарған спортшы.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521