2021 жылы Токио Олимпиадасы коронавирусқа қарамастан өтеді

Алдағы жылы Токиодағы олимпиада ойындары коронавирус жағдайына қарамастан өтеді.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді, - деп хабарлайды CNA сайты. "Олимпиада COVID-19 вирусына қарамастан өтеді. Ойындар алдағы жылдың 23 шілдесінен басталады" деді Джон Коутс.

Сондай-ақ, ол Токио олимпиадасының тақырыбы 2011 жылы Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен цунами екенін ескере отырып, "жойқын цунамиден кейінгі жаңғыру" болуы керек екенін айтты. Бірақ Джон Коутс әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты тақырып өзгеретінін жеткізді.

"Бұл коронавирусты жеңген ойындар болады" деді вице-президент. Айта кетейік, биыл жазғы олимпиада ойындары 24 шілде - 9 тамыз аралығында Токиода өтуі керек еді. Алайда әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты дүбірлі доданың уақыты шегерілді.

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21