5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Атырау облысынан көш аттанды

100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілетін додада атыраулық 3 спортшы ел намысын қорғайды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олар - Сарсенғалиев Нұржан– Алыш күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы

Арман Қошқаров - Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының спорт шебері

Марат Бексұлтанұлы – дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Атыраулық көшті Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы, батыр Сұңғат Закарияев бастап барады. Делегация құрамында 3 спортшыдан бөлек, 10 елші және спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген белсенділер мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының өкілдері бар. Олар елордада тарихи-өлкетану мұражайының арнайы экспозициялық көрмесін құрады. Оған өңірден талантты қолөнершілер қатысады. Сондай-ақ, 11 қыркүйекте атыраулық өнерпаздар гала-концертте өнер көрсетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT